374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында төтенше жағдай кезінде екі адам мерт болды

  • 579
  • UPD: 10:38, 13.02.2018
Қостанай облысында төтенше жағдай кезінде екі адам мерт болды alau.kz

Қостанай облысына қарасты Рудный қаласы мен Қамысты ауданында төтенше жағдай орын алды.

Бұл туралы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 11 ақпан күні Рудный қаласында жылу камерасында өрт болған. Өрт аумағы 5 шаршы метрді құрады.

«Оқиға орнынан ер адам табылды. Азаматтың аты-жөні анықталуда. Сондай-ақ сол маңнан көміртегі тотығымен уланған 57 жастағы адам ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Сонымен қатар Камысты ауданындағы Талдыкөл ауылында тағы бір жағдай орын алды.

Жеке үйлердің бірінде пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан 66 жастағы адам көміртегі тотығымен уланып мерт болды.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында жоғалған жігіт іздестіріліп жатыр Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген 31 өзбекстандық ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы