374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген 31 өзбекстандық ұсталды

  • 462
  • UPD: 17:45, 13.02.2018

Көктемнің лебі сезіліп, құрылыс жұмыстары басталысымен елімізге шет мемлекеттерден еңбек мигранттары ағылатыны белгілі.

Олардың арасында заңсыз келетіндері де көп. Атыраудағы «Теңіз» кенішіндегі құрылыс алаңдарының бірінде жұмыс істеп жүрген өзбекстандық 31 азамат ұсталды. Арнайы тексеру шаралары кезінде анықталған заңсыз еңбек мигранттары енді елдеріне қайтарылады. Сонымен қатар салық төлеуден жалтарып, арзанқол жұмысшыларды жалдаған отандастарымыз да жауапкершілікке тартылып, ірі көлемде айыппұл салынды.

Гаухар Өтеуова, Атырау ІІД Заңсыз көші-қонға қарсы күрес арнайы взводының аға инспекторы:

Осы тексеру қорытындысымен ҚР жұмысқа орналасуға рұқсат алмастан жұмыс жасап жүрген 31 шетелдік (Өзбекстан) азамат анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал шетелдіктерді заңсыз жұмысқа пайдаланғандары үшін ҚР азаматтары да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай рейдтік шараларды басқа аудандарда да өткізуді жоспарлап отырмыз.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында төтенше жағдай кезінде екі адам мерт болды Алматыдағы «Салем» қонақ үйінің шатыры отқа оранды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы