387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арнайы операция барысында қазақ-қырғыз шекарасындағы контрабандистер ұсталды

  • 598
  • UPD: 15:18, 19.02.2018

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро бірлесіп, өткізген кедендік арнайы операцияның жай-жапсары белгілі болды.

Еске сала кетейік, күштік құрылымдар Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласында экономикалық контрабанда дерегі бойынша 35 күдіктіні қолға түсірген болатын. Олардың үшеуі қырғызстандық болып шықты.

Бас прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, қылмыстық топ трансұлттық деңгейде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жүзеге асырып келген. Арнайы операцияға ұзақ әзірлік қажет болды. Сөйтіп, сот санкциясы арқылы 76 тінту жүргізіліп, күдіктілердің мүліктерінен төл және шетел валюталарында қомақты қаржы мен зергерлік бұйымдар, кедендік декларациялар, меншік құқығына қатысты құжаттар табылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топқа бірқатар лауазымды тұлғалар көмектескен. Ал олардың заңсыз рәсімделген тауарлары еліміз бен Ресейдің кейбір өңірлеріне жөнелтіліп отырған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық іс бас прокурордың жеке бақылауында тұр. 

Оксана Лоскутова, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- Қазақ-қытай шекарасындағы Алтынкөл, Қалжат, Қорғас, қазақ-қырғыз шекарасындағы Қордай, Қарасу және қазақ-өзбек шекарасындағы Атамекен, Қазығұрт, Сарыағаш, Қапланбек бекеттері арқылы халық тұтынатын тауарлардың контрабандалық жүйесі әшкере болды. Заңсыз тауарлар Қазақстанға Қытайдан тікелей және Қырғызстан арқылы жалған құжаттармен әкелінген.

Хабар 24 телеарнасы