384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы тұрғын үйде болған газ жарылысынан 2 адам жапа шекті

  • 476
  • UPD: 19:33, 19.02.2018
Қарағанды облысындағы тұрғын үйде болған газ жарылысынан 2 адам жапа шекті Фото: minval.az

Қарағанды облысында газ жарылысы болып, 2 адам зардап шекті.

Төтенше оқиға Северо-западный кентінде болған. Облыстық ТЖД мәліметі бойынша, бірқабатты жеке тұрғын үйдегі жарылысқа газ баллонындағы ақаулық себеп болған. Жарылыс соңы өртке ұласқан. 100 шаршы метрлік аумақтағы төбенің біраз бөлігі опырылып құлаған.

Алдын ала болжам бойынша өрт 200 шаршы метрді аумақты шарпыған. Қызыл жалыннан 16 жастағы жеткіншек пен 1994 жылы туған ер адам түрлі дене күйіктерімен ауруханаға жеткізілді. Ал тілсіз жауды ауыздықтауға 14 маман мен 3 бірлік техника жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы