389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқмәдидің ісін зерттеуге Америкадан мамандар тартылды

  • 557
  • UPD: 22:37, 27.02.2018

Ержан Тәтішевтің қаруынан оқ «абайсызда атылуы мүмкін» дегенді америкалық сарапшы мамандар жоққа шығарды.

Айтуыларынша, 12-калибрлі қару марқұмға қасақана бағытталып, шүріппе әдейі басылған. Таразда Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты жүріп жатқан сот процесіне шақыртылған үш бірдей америкалық маман осындай мәлімдеме жасады. Олар 6 ай көлімінде тергеп-тексеру жүргізді. Қылмыстық оқиғаның компьютерлік үлгісі жасалып, анимациялық көрінісі жинақталған. Тәуелсіз зерттеу оқ шамамен 6 мен 12 сантиметр аралығында атылғандығын көрсеткен. Криминалист сарапшылар оқ төменнен жоғары қарай атылған деп отыр. Бұған дейін бұл оқиғаға қатысты 4 рет сараптама жасалған. Бірақ деректер бір-біріне қайшы келгендіктен, жәбірленуші тарап істің ақ-қарасын ажырату үшін сарапшыларды мұхиттың арғы жағынан шақыртқан көрінеді.

Айта кету керек, аты шулы қылмыстық істің 8-сот отырысы өтті. Бүгінгі күнге дейін 68 адам сот алдында жауап берді.

Майкл Патрик Мерфи, криминалистік сарапшылар тобының жетекшісі:

- Қаруда ақау болмаған. Мұндай қымбат әрі сапалы қарудың өздігінен атылуы көңілге қонымсыз. Оның үстіне мұндай қарудың өздігінен атылу дерегі тіркелген емес. Біз оқтың ұшу траекториясын, көліктің ішкі аумағын жіті зерттеп өлшедік. Компьютерлік үлгісі де жасалды. Артта отырған адам қаруды әдейі бағыттаған.

Хабар 24 телеарнасы