386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарабатандағы өрт: Компания марқұмдардың туыстарына депозит ашты

  • 503
  • UPD: 14:11, 20.03.2018
Қарабатандағы өрт: Компания марқұмдардың туыстарына депозит ашты inform.kz

Қарабатандағы «Газ турбиналы электрстансасы» құрылыс алаңындағы болған апат жағдайын түсіндіру жөнінде комиссия жұмысы жалғасып жатыр.

2018 жылы 2 наурызда «PSI Stroy Industriya»ЖШС жұмысшылары тұратын контейнерлік жатақханада болған қайғылы оқиғаны тексерген арнайы үкіметтік комиссияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Алтаев басқарды. Комиссия құрамында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері, Атырау обылысы әкімдігінің қызметкерлері және «PSI Stroy Industriya» ЖШС-нің жұмысшылары мен жұмыс берушілері де болды. Оқиға орнына келген комиссия мүшелері өрт шыққан жатаханадан бөлек жұмысшылар тұратын тағы 6 жатақхананы тексерген. Нәтижесінде, оларда санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағаны анықталып отыр. Үкіметтік комиссия оқиғаның себеп-салдары анықталғанға дейін жатақхана жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Айта кету керек, газ турбиналы электр станса құрылысы 2016 жылдың қазан айында басталған еді. Бұл құрылыс нысанында 850 адам бар. Олар екі ауысым кестесімен жұмыс істейді. Жұмысшылардың барлығы 7 жатақханамен қамтылған. «Тергеудің алдын-ала қорытындылары бойынша алғашқы өрт шыққан аумақ кептіру бөлмесі болуы ықтимал екендігі анықталды. Себебі онда конвекторлы электр жылытқышы орнатылған. Өрттің техникалық себептері электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан жақын маңдағы тұрмыстық заттар жануы мүмкін. Алдын-ала тергеудің қорытындысы бойынша, осы топтағы жазатайым оқиғалар ҚР Еңбек кодексінің 186-бабының 2-бөлімінің 2 тармақшасына сәйкес еңбек қатынастарына байланысты болып отыр. Жұмыс беруші әрбір жәбірленушіге және қайтыс болған адамға жазатайым оқиғаға қатысты H1 түрінде акт толтырды», - делінген хабарламада. «PSI Stroy Industriya» ЖШС-нің басшылығы өрттен зардап шеккендер мен қаза болған жұмысшылардың отбасына жан-жақты көмек көрсеткен. Компания оқиғадан қаза болған азаматтардың денесін жеке ұшақпен тұрғылықты жеріне жеткізу, жерлеу рәсіміне кеткен шығындарды толық өтеп, марқұмдардың туыстарына депозиттер ашып берген. Қазіргі кезде жұмыс беруші компания материалдық көмекке 50 млн теңге бөліп, бұл қаражат осы шоттар арқылы берілді. Компанияның барлық қызметкерлері жұмыстағы жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Осылайша, қайтыс болған адамдардың асырауындағы жандар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру төлемдерін алатын болады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырау қаласынан шамамен 40 шақырым жердегі Қызылқоға ауданында салынып жатқан Қарабатан «Газтурбиналық электр стансысының» құрылыс аумағында орналасқан жатақхана өртенген болатын.  Қайғылы оқиға салдарынан 6 адам қаза болып, 4-еуі зардап шеккен еді.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы