384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жас қыздың үстіне темір арка құлады

  • 762
  • UPD: 21:01, 20.03.2018

Петропавлда қатты желден темір доға құлап, бойжеткенді басып қалды.

Ауыр соққыдан бойжеткеннің омыртқасы зақымданып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға кеше қаланың қақ ортасында болған. Күшті желдің екпінінен Наурыз мейрамына орай құрылған декарация шайқатылып, өтіп бара жатқан қыздың үстіне құлаған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр болғанымен, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Енді 23 жастағы науқас бір жарым ай төсектен тұрмай жатуы керек.

Руслан Тасов, қалалық №3 аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

- Қазір шұғыл операция жасаудың қажеті жоқ. Бұл туралы Астана қаласындағы травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлерімен кеңесіп, шешім қабылдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы