378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында биыл 9 адам түтіннен көз жұмған

  • 359
  • UPD: 20:03, 28.03.2018

Қарағанды облысында жыл басынан бері 9 адам пеш түтініне уланып, қайтыс болған.

«Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда өте көп», – дейді төтенше жағдай қызметінің мамандары. Өкінішке қарай, тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Оның үстіне биыл көмір сапасы да нашар екен. Жанбайды, көп бықсиды. Осының салдарынан жыл басында бір үйден 5 бірдей адам көз жұмған. Ал Дубовка ауылының тұрғыны үш айда үш рет уланып, аман қалыпты. Сондықтан құтқарушылар әр үйге дабылды ескерту беретін құрылғы орнатуды ұсынып отыр.

Бауыржан Бадылбаев, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

– Осындай құрылғыны мен өзім Қазақстан азаматы ретінде тапсырыс беріп, сатып алдым. Бағасын білмекші болып едім, екі мың теңге екен. Қазір Қарағандыда көп адам осындай құрылғыны қолданып жатыр, үйлеріне қойып қояды. Егер мұржаның есігі дұрыс жабылмай қалса, түтін шығып жатса, ол дабыл береді.

Хабар 24 телеарнасы