377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Риддер қаласы әкімінің орынбасары жаяу жүргіншіні қағып кетті

  • 267
  • UPD: 13:27, 16.04.2018
Риддер қаласы әкімінің орынбасары жаяу жүргіншіні қағып кетті aravot.am

ШҚО-да жол апатынан адам қайтыс болды

Шығыс Қазақстанда өткен жексенбі күні кешкі сағат 9 шамасында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты. «BMW Х5» автокөлігінің жүргізушісі Айдарханов көшесімен ілеспе бағыттағы жол жиегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Өкінішке орай, 1999 жылғы азамат жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапты. Ал шетелдік автокөлік жүргізушісі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Құрманбаев Бауыржан болып шыққан. Тексеру жұмыстары оның көлікті мас күйінде тізгіндегенін көрсеткен. Қазір оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ал жол-көлік оқиғасын тергеу ШҚО Ішкі істер департаменті бастығының бақылауына алынды.

Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы