385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғалжын тасжолында жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты

  • 491
  • UPD: 12:11, 01.05.2018
Қорғалжын тасжолында жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты amur.info

Ақмола облысындағы тасжолда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жолаушы қаза тапты.

Апат «Астана-Қорғалжын» тасжолының 97 шақырымында Жантеке ауылына жақын маңда болған. 38 жастағы Астана тұрғыны JAC М5 маркалы көлікті тізгіндеп келе жатып, рөлді басқара алмай, жыраға түсіп кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1965, 1967 және 1955 жылғы үш әйел мен 65 жастағы ер адам қаза тапты. Екі жолаушы Астана қалалық ауруханасына жеткізілді. Жүргізуші зардап шекпеген», – деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінен. Ведомствоның ақпараты бойынша, зардап шегушілер құдалыққа бара жатқан. Қаза тапқандардың ішінде Щучинск тұрғыны, Целиноград ауданы Воздвиженка ауылының екі тұрғыны және Астана тұрғыны болған. ҚР ҚК 345-бабы  4-бөлігі (адам өліміне соқтырған көлік құралын пайдалану ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі қызлмыстық іс қозғалды.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы