383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да заңсыз балық аулаған браконьерлер қолға түсті

  • 467
  • UPD: 17:09, 11.05.2018
СҚО-да заңсыз балық аулаған браконьерлер қолға түсті

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды.

Тәртіп сақшылары оларды Сергеев су қоймасы маңында қолға түсірген. Тінту барысында күдіктілерден 173 келіден астам мөңке және шортан балығы тәркіленді. Олар су жәндіктерін Есіл өзеніне ау құру арқылы қолға түсірген. Оңай олжаға кенелмек болған екі азамат та Петропавл қаласының тұрғындары болып шықты. Осылайша күдіктілер мемлекетке 400 мың теңге көлемінде шығын келтіріп отыр. Қазір іс сотқа жіберілді. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, айта кету қажет, жыл басынан бері өңірде табиғат қорғау заңнамасын бұзуға қатысты 300 дерек тіркелген.

Сән Жұмағазина, Облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бас маманы:

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ мамыр айының басында заңсыз қанатты құстарды аулаған Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды. Мемлекетке жалпы сомасы 631 мың теңге шығын келтірілді. Әкімшлік құқықбұзушылық туралы кодексінің 382-бабы, 1-бөліміне сәйкес құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Хабар 24 телеарнасы