383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық 83 келі марихуанамен ұсталды

  • 459
  • UPD: 10:00, 18.05.2018
Маңғыстаулық 83 келі марихуанамен ұсталды

Маңғыстаулық полицейлер 83 келі марихуанамен Сайын Шапағатов ауылының тұрғынын қолға түсірді.

Түпқараған ауданында өткен жедел іздестіру барысында қызметтік ит құрылысы аяқталмаған сарай жанында тұрған адамнан есірткі иісін сезіп қалады. Тінту кезінде күдіктінің қалтасынан ішінде марихуана бар сіріңке қорабы табылды. Артынша осы жерден бірнеше қапшыққа салынған анашаның жасырылғаны анықталды. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Маңғыстау облыстық ІІД тергеу басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда. Қазіргі таңда күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы