386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда екіқабатты ғимарат өртенді

  • 488
  • UPD: 19:43, 20.05.2018

Қостанай қаласында жеке тұрған «Бәйтерек» фитнес-клубына тиесілі екіқабатты ғимараттан өрт шықты.

Нысанның екінші қабатындағы аумағы 150 шаршы метрді құрайтын би залын қызыл жалын шарпыған. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында 25 өрт сөндіруші мен 7 техника бірлігі жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы