386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда кен орнындағы өрттен бір адам қаза тапты

  • 520
  • UPD: 19:42, 20.05.2018

Маңғыстау облысындағы «Комсомольское» кен орнында төтенше жағдай болды.

Түн ауа мұндағы ұңғыма отқа оранып, жұмысшылар ауыр зардап шекті. Ең өкініштісі, 1986 жылғы жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Таң ата санитарлық авиация көмегімен үш жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Алайда денесінің 60 пайызын күйіп қалған мұнайшы әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған екеуі травмотология бөлімінде ем алуда. Жалын екі сағаттың ішінде ауыздықталды.

Хабар 24 телеарнасы