387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда шұңқырдан 21 жастағы жігіттің денесі табылды

  • 308
  • UPD: 14:19, 21.05.2018
Қостанайда шұңқырдан 21 жастағы жігіттің денесі табылды

17 мамырда Қостанайдың солтүстік-шығыс ауданындағы «Юбилейный» тұрғын үй кешені маңынан 21 жастағы жігіттің денесі табылды.

Бұл туралы alau.kz хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жерде газ құбырын орнату жұмыстары жүріп жатқан. Жігіттің денесі сол жердегі арнайы жөндеу жұмыстарына қазылған шұңқырдан табылған. Мерт болған жігіт Затабол елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы