369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада орталық базардағы эскалаторда сәбидің қолы қысылып қалды (бейне)

  • 336
  • UPD: 19:53, 22.05.2018
BNews Kz

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы Астанадағы эскалаторлардың бірінде зардап шеккен бүлдіршінге қатысты ресми ақпарат жариялады.

«2018 жылдың 22 мамырында жабық орталық базардың (Алаш тас жолы, 19/1) эскалаторындағы апаттық жағдайдан екі жасар қыз зардап шекті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі тиісті көмекті көрсетіп, сәбиді шұғыл түрде №2 қалалық балалар ауруханасына алып кеткен. Ауруханада екі қолындағы жарақаты да бастапқы-хирургиялық өңдеуден өтіп, гипспен таңылды. Баланың жағдайы тұрақты, амбулаториялық емдеуге жіберілді», – делінген басқарма жіберген ресми хабарламада.

Бұған дейін орталық базардағы оқыс жағдайдың видеожазбасы әлеуметтік желіге тараған еді.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы