380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда дәмхана өртенді

  • 352
  • UPD: 00:10, 26.05.2018

Оралда 7-ші шағынауданда орналасқан «Еуропа» дәмханасы отқа оранды.

Оқыс оқиға туралы хабар өрт сөндіру бөліміне кешкі сағат 20:53 шамасында келіп түскен. Апатты ауыздықтауға төтенше жағдайлар қызметінің 11 техникасы мен жеке құрамның 25 қызметкері жұмылдырылды. Өрт бірқабатты ғимараттың шатырында тұтанған. Жалын тілі шарпыған аумақтың жалпы көлемі 150 шаршы метрдей.

Айта кету керек, өрттің өрши түсуіне қатты жел де әсер етті. Бүгін өңірде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, шаңды дауыл болатыны жөнінде хабарланған болатын. Зардап шеккендер жоқ. Дегенмен дәмхана тұрғын үйлерге тым жақын орналасқандықтан, апат болған аумақтың айналасына полиция күзеті қойылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің тұтануына электр қондырғыларын пайдалануда техникалық ереже талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін.

Дайындаған: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы