378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ауызашардан ұшынған 20 адам ауруханаға түсті

  • 427
  • UPD: 19:51, 28.05.2018

Қарағанды қаласының жиырма тұрғыны «тағамнан ұшыну» диагнозымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті.

Олардың ішінде үш бала бар. Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханаға түскендердің барлығының ауызашардан кейін жүрегі айнып, дене қызуы көтерілген. Алдын ала болжам бойынша ұшыну еттен дайындалған тағамнан болған. 

Ботагөз Жантақбаева, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері: 

- Қазір жансақтау бөлімінде екі адам жатыр. Біреуі бала, екіншісі ересек адам. Жағдайлары жақсы. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы