382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ауруханаға түскен 20 адам тоқаштан уланған болуы мүмкін

  • 312
  • UPD: 17:34, 30.05.2018

Қарағандыда ауызашардан кейін ауруханаға түскен 20 адам тәтті тоқаштан уланған болуы мүмкін.

Бактериологиялық зерттеулер нәтижесінде тағамның дәл осы түрінен сальмонелла таяқшалары табылған. Алайда қонақтардың барлығы бірдей бұл тәтті тоқашты тұтынбапты. Сондықтан мамандар сол күні дастарқанға қойылған өзге де тағам түрлерін тексеріп жатыр. Ас-ауқаттың барлығы үйде әзірленген. Санитарлық дәрігерлер әсіресе еттен күдіктеніп отыр. Нақты нәтижелері бірер күннен кейін белгілі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні 20 адам астан уланып, ауруханаға түскен болатын. Олардың 4-еуі – бала. «Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты», – дейді дәрігерлер.

Жақия Жашибекова, қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің бөлім басшысы:

– Ауызашарға қатысқан қонақтардың жылқы мен сиыр етінен әзірленген ет тағамынан улануы да ғажап емес. Немесе 5 күн бұрын сатып алынып, жертөледе сақталған тәтті тоқаштан да қауіпті дертті жұқтыруы мүмкін. Қалай дегенмен де, нақты себебін зерттеу нәтижесі қолымызға тиген соң ғана жариялаймыз.

Хабар 24 телеарнасы