379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да ер адам мен 5 жастағы бала құдыққа құлап, мерт болды

  • 380
  • UPD: 14:58, 01.06.2018
БҚО-да ер адам мен 5 жастағы бала құдыққа құлап, мерт болды

Оралда 5 жасар бүлдіршін мен ересек адам шайынды суды ағызуға арналған құдыққа құлап, қаза болды.

Оқыс оқиға 31 мамыр күні қала аумағындағы саяжайлардың бірінде тіркелді. Кейін анықталғанындай, балдырғанды құтқаруға ұмтылған көршісі де құдықтан шыға алмаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігерлер дер кезінде жеткенімен, екеуі де қайтыс болған. Қазір қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы