389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да 1 млн 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алған лауазымды тұлға ұсталды

  • 446
  • UPD: 17:08, 02.06.2018
ОҚО-да 1 млн 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алған лауазымды тұлға ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қамауға алынды.

Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми парақшасында айтылған. Нұржан Теңлібаев пара алуға байланысты қылмыстық жоспар ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Заңсыз жолмен алынған сыйақының  мөлшері 1 миллион 200 мың  АҚШ долларын құрайды. Қазіргі уақытта Теңлібаев уақытша ұстау абақтысына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы