365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

  • 703
  • UPD: 19:18, 14.06.2018
Ақтөбеде мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбеде мұнай ұрлығымен айналысқан тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Тұтқындалған 5 адамның төртеуі қазақстандық болса, біреуі Белорусь елінің азаматы. Қазір күдіктілердің үстінен іс қозғалып, мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Оларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Жақында соттың алғашқы тыңдау басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың желтоқсан айында батыс аймақта арнайы операция жүргізіліп, мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталған еді. Осы жолы ұсталғандар сол «төрт ағайынды» қылмыстық тобынан кейін қолға түскен ең ірі серкелер саналады.

Гүлнұр Симатова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық экономикалық сотына ҚР азаматтары және Белорусь азаматына қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Аталмыш азаматтар ҚР ҚК 197, ҚК 264-бабы бойынша айыпталды. Яғни мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығару заңдарын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, сақтау, сонымен қатар қайта өңдеу бойынша.

Осы категория бойынша: « Павлодар облысында 2 жасар бала көрпеден тұншығып, көз жұмды Менингококк инфекциясын жұқтырған деген күдікпен ауруханаға түскен мектеп түлегі қайтыс болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы