365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Менингококк инфекциясын жұқтырған деген күдікпен ауруханаға түскен мектеп түлегі қайтыс болды

  • 380
  • UPD: 18:48, 15.06.2018

Бүгін таңертең Шымкент қаласында менингокок белгілерінен қайтыс болған 18 жастағы жасөсіпірімнің өліміне қатысты қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин арнамызға түсініктеме берді.

Еліміздің бас санитары қазір оқушының нақты неден қайтыс болғаны тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Жандарбек Бекшин, ҚР қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Қазіргі таңда бүкіл лабороториялық сынамалары алынды. Олар қазір жұмыс ретінде жүргізіліп жатыр. Сондықтан бұл болжамды жағдай деп саналады. Қорытынды жағдай осы лабороториялық сынамалардың нәтижесін алғаннан кейін біз жариялаймыз. 

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында жұқпалы менингококк ауруына шалдықты деген күдікпен кайтыс болған жасөспірім қаладағы №9 мектептің түлегі еді. Марқұм Қаратау ауданының тұрғыны. Оқушы жуырда басталатын Ұлттық біріңғай тест сынағына дайындалып жүрген. Кеше күндізгі екіде марқұмның бойында аурудың алғашқы белгілері байқалып, әлсіреген. Алайда дәрігерлерге қаралуға асықпаған. Түнгі бес жарымда азаматтың ауруы асқынып, жедел жәрдеммен шаһардағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқасқа алғашқы көмек көрсетілгенімен дәрігерлер ажалға араша бола алмады.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Алматыдағы Саяхат автобекетінде өрт болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы