365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында болған пойыз апатынан жасөспірім қаза тапты

  • 570
  • UPD: 19:18, 17.06.2018

Бір сәтте әлеуметтік желілерді шулатқан қайғылы оқиға түскі сағат 1 жарым шамасында болды.

Нөмірі 9 жолаушылар пойызы Астанадан Алматыға бағыт алған еді. Алайда Сарышаған-Шу аймағына жақындағанда, 6 вагон рельстен шығып, оның үшеуі аударылып кетті. Оқиға куәгерінің айтуынша, күтпеген жағдайға тап болған жолаушылар бастапқыда қатты абдырағанымен, дереу естерін жиып, бір-біріне барынша қолдау көрсеткен.

Дабыл түскен сәтте төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына аттанды. Өкінішке орай жан түршігерлік апат бір жасөспірімнің өмірін қиды. Ал үш адам түрлі деңгейдегі жарақат алды.

Қазір жолаушылар басқа пойызға отырғызылып, сапарларын жалғастырды. Ал зардап шеккендерге құтқарушылар мен дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр. Оқиға орнына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы тікұшақпен жетті.

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті Жамбыл облысындағы пойыз апаты: Арнайы комиссия құрылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы