374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда тілсіз жаудан екі өрт сөндіруші зардап шекті

  • 416
  • UPD: 14:17, 21.06.2018
Павлодарда тілсіз жаудан екі өрт сөндіруші зардап шекті

Павлодарда өрт сөндіру барысында екі бірдей қызметкер зардап шекті.

Күйікпен қатар біреуі аяғынан жарақат алған. Төтенше оқиға қаланың Солтүстік өнеркәсіп аумағында болды. Павлодардың бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік орталығына өрт шыққаны туралы ақпарат кешкі 18 сағат 22 минутта түскен. Өрт сөндіруге мамандандырылған 6 техника бірлігі облыстық өртке қарсы күрес қызметінің жеке құрамынан 40 адам жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, алдымен жеке кәсіпорынның аумағында тұрған бензавоз көлігі отқа оранған. Одан кейін қызыл жалын пластик құтылар тиеген жүк көлігіне ауысыпты. Өртті жою кезінде жарылыс болып, салдарынан екі өрт сөндіруші түрлі жарақат алған. Қазір олардың екеуі де қалалық ауруханада ем алып жатыр. Олардың біреуі жарақат бөліміне түсіпті. Дәл осы сәтте операция жасалып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Марат Қанжығалин, Павлодардағы бірінші қалалық аурухананың күйік бөлімшесінің меңгерушісі:

– Науқастардың жағдайлары тұрақты. Қосымша медициналық тексеруден өтіп жатыр. Жарақаттары орташа ауыр деңгейде, өмірлеріне қауіп жоқ. Сондықтан қанағаттанарлық деуге болады. Бақыттарына орай жалын бет терісінің беткі қабатын шалған.

Осы категория бойынша: « Атырауда көлік адамдар толы аялдамаға соғылды СҚО-ның су қоймасында балық қырылып қалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы