369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияның жолаушылар ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды

  • 452
  • UPD: 13:53, 24.06.2018
Түркияның жолаушылар ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды

Новосибирск қаласынан Анталияны бетке алған түрік әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда Атырау әуежайына қонды.

Азаматтық авиация комитеті хабарлауынша, түрік ұшағының қозғалтқышы істен шыққан.

«Бүгін сағат 10:03-те Новосибирск-Анталия бағытындағы «Пегасус» түрік әуе компаниясының Боинг-737 әуе кемесінің қозғалтқышы істен шықты деген хабар келіп түсті. Экипаж Атырау қаласына апатты жағдайда қону туралы шешім қабылдаған. 10:20-да ұшақ жерге қонды. Бортта 190 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған» - делінген хабарламада.

Осы категория бойынша: « Алматы қаласынан 925 шақырым қашықтықта жер сілкінді Астананың әуежай маңындағы тұрғын алқабында балалар суға кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы