368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қойма өртенді

  • 355
  • UPD: 08:53, 28.06.2018
Алматыда қойма өртенді

Алматыдағы Құлжа жолының бойындағы қоймалардың бірінде өрт шықты.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, Түріксіб ауданына қарасты Қайрат ықшамауданы Тәттімбет көшесінде отқа оранған ғимаратты өшіруге өрт сөндірушілер құрамы келіп жетті. Шамамен 3000 шаршы метрді от шарпыған. Қазір 20 техника бірлігі мен 75 маман іске кірісті. Қосымша деректер алдағы уақытта.

Осы категория бойынша: « Павлодар облысында бір апта ішінде үш адам суға кетті Маңғыстау облысындағы демалыс орнында 5 жасар бала суға кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы