374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында балалар терезеден құлап кетті

  • 253
  • UPD: 20:37, 02.07.2018

Қарағанды облысында ата-аналардың салғырттығынан үш бірдей сәби терезеден құлап кеткен.

Кеншілер шаһарындағы тұрғын үйлердің бірінің 5-қабатынан құлаған 4 жасар сәби мерт болса, Абай қаласындағы 1 жасар бүлдіршін қазір аса ауыр халде жатыр. Ал Теміртаудағы бөбектің көрер жарығы бар екен. 6-қабаттан құлап, аман қалды. Қазір тиісті ем-домын алып жатыр. 

Шолпан Қауымбекова, облыстық медицина орталығының дәрігер-нейрохирургы:

- Алтыншы қабаттан терезеден құлаған. Қазіргі күнге жағдайы тұрақты. Теміртау қаласынан бізге санавияциямен алынып келді. Томография жасадық. Тамографияда бас сүйегінің сынығы бар. операция жасауды қажет етпейді. Бүгінгі күнге жағдайы тұрақты. Бала есінде. Жүгіріп, тамақ ішіп жүр.

Осы категория бойынша: « Жезқазған мыс қорыту зауытында жұмысшы қаза тапты Алматы облысында жұмысшы кәріз құдығында мерт болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы