367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналық құтқарушылар Есілге батып бара жатқан баланы құтқарған азаматты іздеуде

  • 316
  • UPD: 14:43, 03.07.2018
Астаналық құтқарушылар Есілге батып бара жатқан баланы құтқарған азаматты іздеуде

Астанада Есіл өзеніне батып бара жатқан баланы белгісіз ер адам құтқарып қалған.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Nur.kz порталының ақпараты бойынша, белгісіз оқырман өзінің досының ерлігі жайында видео мен хабарлама жолдаған.

Хабарламада судағы баланы шығара алмай жатқан қыз бен жігітке оның досы іле-шала жүгіріп, көмектесуге ұмтылғаны жөнінде жазылған.

Кейін суға кете жаздаған баланың ата-анасы келгенше, құтқарушы жігіттер оқиға орнынан кетіп қалған. Қазір олар іздестіріліп жатыр. Баланы құтқарған адам Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен марапаттауға ұсынылады.

ҚР ІІМ ТЖК оқиға бойынша аталған азаматты танитындар болса, Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне 55-96-00 нөмірі арқылы хабарласуларын сұрайды.

Осы категория бойынша: « Павлодар облысында автобус пен жүк пойызы соқтығысты Петропавлда жоғалып кеткен баланың өлі денесі Есіл өзенінен табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы