365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда қонақ үйдің бірінші қабаты отқа оранды

  • 349
  • UPD: 11:26, 05.07.2018
Атырауда қонақ үйдің бірінші қабаты отқа оранды

Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйінің бірінші қабатынан өрт шықты.

Абырой болған өрттен жазым болған немесе жарақат алғандар жоқ. Оқыс оқиға кезінде қонақүйдегі 28 мейман шұғыл түрде көшірілді. Қызыл жалынды сөндіруге 8 арнайы техника мен 40 адам жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.

Орхан Караев, «Ақ Жайық» қонақ үйінің мейманы:

- 3-қабатта тұрып жатқанмын. Өртеніп жатыр деген дабылдан дәлізге жүгіріп шықтым. Дереу өрт сөндіргішті алып қарасам, қонақүй аман секілді. Сосын бізді далаға шығарды. Затым бөлмеде қалды, қолыма іліккен құжаттарымды ғана алып шықтым.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде 20 жастағы жігіт суға кетті Семейде сәби терезеден құлап кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы