365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екібастұзда 6 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

  • 189
  • UPD: 21:56, 08.07.2018

Павлодар облысының Екібастұз қаласында 6 жасар бала екінші қабаттан құлап, қатты жарақат алды.

Дереу ауруханаға жеткізілген балақайдың жағдайы ауыр. Сонымен қатар павлодарлық дәрігерлер қазір құздан құлап кеткен 9 жастағы баланың өмірі үшін де күресіп жатыр. Оқиға Баянауыл ауданында болды. Оқушы Жасыбай демалыс аймағына ата-анасымен бірге демалуға келген. Биік жартастан абайсызда құлап, басынан жарақат алған бүлдіршін санавиациямен шұғыл түрде облыс орталығына жеткізілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева хабарлады. Бас сүйегі қатты зақымданған бала есін әзірше жиған жоқ деген ақпар бар.

Осы категория бойынша: « Павлодарда тоғыз жасар бала құздан құлап кетті Ақтөбе облысында өртенген автобус бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы