365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында өртенген автобус бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

  • 408
  • UPD: 11:52, 09.07.2018

Жыл басында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында өртенген автобуста өзбекстандық 52 азаматтың қаза болуына байланысты қозғалған іс сотқа жолданды.

5 адам айыпталушы деп танылды. Оның үшеуі автобус жүргізушісі болса, екеуі – «Азия транзит сервис» серіктестігінің құрылтайшысы мен механигі. Бұл тұлғалар рейске шығар алдында автобусты тексеруі тиіс болған. Бірақ олар өздеріне жүктелген міндетті толық орындамады деп айыпталып отыр. Осыған байланысты сот автобус жүргізушілерін қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Серіктестіктің басшысы мен механигіне кепіл түрде бұлтартпау шарасы таңдалды. Ал автобус иесіне күзетпен қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындала отырып, халықаралық іздеу жарияланды.

Осы категория бойынша: « Екібастұзда 6 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті Павлодар облысында құздан құлаған бала әлі есін жимаған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы