365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында құздан құлаған бала әлі есін жимаған

  • 329
  • UPD: 15:55, 09.07.2018

Баянауыл ауданында таудан құлаған 9 жасар бала есін жиған жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы тұрақты ауыр, біртіндеп жақсарып келеді. Десе де, әзірге қандай да болжам жасау ерте. Еске сала кетейік, оқыс жағдай «Жасыбай» демалыс орнында болды. Анасы, ағасы және апасымен демалыста болған ұл бала тауға серуендеп шыққанда, үш метрлік биіктіктен төмен қарай құлап, басын жарып алған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жасөспірімді санавиация арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер бригадасының құрамында болған балалар нейрохирургі, рениматолог қолдан келгеннің барлығын жасады.

Ирина Орсагош, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

– Балаға ашық бас-ми жарақаты деген диагноз қойылды. Балалар ауруханасына бас сүйегінің жарақатымен ессіз күйде жеткізілді. Бірнеше күннің ішінде жағдайы тұрақталды. Жедел емдеудің қажеті жоқ. Қазіргі уақытта консервативті ем-дом шаралары жүзеге асырылуда.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында өртенген автобус бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды Павлодар облысында демалыс күндері үш адам суға кеткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы