374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында үш күн бұрын суға кеткен екі жігіттің мәйіті табылды

  • 238
  • UPD: 17:38, 10.07.2018

Павлодар облысында осыдан үш күн бұрын суға батып кеткен екі азаматтың мәйіті табылды.

Оқыс жағдай Баянауыл ауданының Жасыбай көлінде орын алған. Шамаман 17-18 жасар жігіттер катамаранмен серуенге аттанарда, құтқару киімін кимеген болып шықты. Құтқарушылардың айтуынша, жел көтерілген сәтте катамаран аударылып кеткен. Іздестіру жұмыстарын кәсіби сүңгуірлер жүргізіп, Жасыбай көлінің жағалауын толық тексеріп шыққан. Нәтижесінде мүрделер 70-80 см-ге жайылған балдырлардың арасынан табылды. Көз жұмғандардың денелері туыстарына тапсырылды. Жалпы Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 8 адам суда ажал құшты. Бүгінде аймақтағы 32 жағажайдың 22-сі ғана ресми түрде жұмыс істеп тұр. Қалғаны жүзуге қауіпті болса да, тұрғындар шомылудан бас тартар емес.

Серік Шериязданов, облыстық ТЖД жедел-құтқару отряды бастығының орынбасары:

– Мәйіт жағадан 300 метрлік жерде табылды. Тереңдігі – 4 метр. Екі мәйіттің бір-бірінен жатқан аралары – 2 метр. Павлодар облысы тұрғындары және қонақтарына айтарымыз, демалыс кезінде ішімдік ішіп, суда шомылмаңыздар. Және тыйым салынған жерлерге түспеңіздер.

Осы категория бойынша: « Шымкенттегі сыра зауытының аумағында өрт болды Өзбекстанда адам өлтірді деген күдікті Ақтөбеде ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы