374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында болған қайғылы оқиғада ерлік көрсеткен дәрігерлер марапатқа ұсынылды

  • 293
Алматы облысында болған қайғылы оқиғада ерлік көрсеткен дәрігерлер марапатқа ұсынылды

Кәріз жүйесіне жинақталған газға тұншыққан жұмысшыларды құтқаруға ұмтылған қос дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылды.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға 2 шілде күні болған. Қалдық су құбырларына жөндеу жүргізу барысында Шелек ауылдық ауруханасының техникалық қызметкері газға тұншығып қалады. Оны құтқаруға дереу кіріскен медициналық нысанның 2 дәрігері мен жұмысшысына иіс тиіп, жансақтау бөліміне түседі. Өкінішке орай, зардап шеккен 2 маманның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ал осы аурухана хирургінің емдеу процедурасынан кейін жағдайы түзелді. Төтенше оқиға тергеуімен облыстық ішкі істер департаментінің тергеушілері айналысып жатыр. Сондай-ақ еңбек заңдылығының сақталуы да тексеріледі.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Қайтыс болған дәрігерге және қазіргі таңда ауруханада жатқан хирург дәрігерге жыл соңына дейін мемлекеттік наградаларды табыстау үшін арнайы хаттама дайындап жатырмыз. Екі дәрігер міндетті түрде өтемақы алатын болады.

Осы категория бойынша: « Өзбекстанда адам өлтірді деген күдікті Ақтөбеде ұсталды Теміртау қаласындағы өндірістік алқапта өрт болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы