374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-ның Тайынша ауданында екі ер адам суға кетті

  • 223
  • UPD: 15:19, 13.07.2018
СҚО-ның Тайынша ауданында екі ер адам суға кетті

Солтүстік Қазақстан облысында тағы екі ер адам суға батып кетті.

Қайғылы жағдайлар кеше Тайынша ауданында болған. Бірі балық аулап, ал екіншісі шомылып жүріп ажал құшқан. Өңірде осы апта күн күрт ысып, жергілікті жұрт жаппай өзен-көлдерге ағылды. Бұл ретте төтенше жағдайлар қызметкерлері күнбе-күн рейдтер ұйымдастырып, демалушыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертумен жүр. Олардың айтуынша, тұрғындар сақтық шараларына селқос қарайды. Оның үстіне мас күйінде суға түсетіндер бар. Мәселен, полицейлер шомылу маусымы басталғалы ішімдік ішкендерге қатысты 101 әкімшілік хаттама толтырған. 

Сергей Черкасов, облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің басшысы:

- Тұрғындар біздің ережелерді елемейді. Көбі рұқсат етілмеген жерлерде шомылады. Ал құтқару қызметінде 60 ғана адам жұмыс істейді. Сондықтан барлық өзен-көлді бақылай алмаймыз. Тағы да айтамын, суда абай болыңыздар!

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында екі бала биіктіктен құлап кетті Астанада автобуспен соқтығысқан көлік жүргіншіні қағып өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы