374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте айып тұрағындағы 45 көлік өртеніп кетті

  • 350
  • UPD: 09:48, 15.07.2018
Шымкентте айып тұрағындағы 45 көлік өртеніп кетті

Шымкент қаласында айып тұрағында тұрған 45 көлік өртеніп кетті.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

15 шілде күні сағат 01.14 шамасында автомобильдерге арналған айып тұрағында «КамАЗ» көлігінен өрт шығып, салдарынан сол жердегі өзге көліктер өртенген. Сонымен қатар тілсіз жау жақын орналасқан жиһаз цехын да шарпыған. Жалын 02.13-те ауыздықталып, 03.05-те толықтай сөндірілген.

Зардап шеккендер жоқ, Өртті ауыздықтауға 76 өрт сөндіру және 17 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Осы категория бойынша: « Астанада автобуспен соқтығысқан көлік жүргіншіні қағып өтті Шымкентте өртеніп кеткен 45 көлік құнын қалалық айыппұл тұрағының әкімшілігі төлейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы