374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында сауықтыру орталығында болған бала өліміне қатысты тергеу жүргізілуде

  • 180
Ақмола облысында сауықтыру орталығында болған бала өліміне қатысты тергеу жүргізілуде vten.org

Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумағында орналасқан «Арман» балалар сауықтыру орталығында мерт болған жасөспірімнің ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметке сүйенсек, 2003 жылы туған А.Семенцов 9 шілде күні лагерь маңындағы су айдынының белгіленбеген аумағында шомылып, суға батып кеткен. Қазір аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы (өз міндетіне селқос қарау) бойынша тексерістер жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, сот-медициналық сараптама да жасалған. Айта кетейік, аталған балалар сауықтыру орталығы Ақмола облысында орналасқанмен, Астана қаласының білім басқармасына қарасты екені анықталып отыр.

Авторы: Дамир Шайдаров

Осы категория бойынша: « Петропавлда көлік аялдамадағы адамдарды соққан Өскеменде әскерилер бойжеткеннің өмірін сақтап қалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы