367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жоғалып кеткен бала әлі іздестірілуде

  • 268
  • UPD: 23:49, 17.07.2018

Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалған баланы іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш күн бұрын осы ауданға қарасты Ынтымақ ауылынан шығып, «Кіші саз» жайлауына бет алған бес баланың бірі тау ішінде жоғалып кеткен. Оқиғаға байланысты жедел-іздестіру тобы құрылды. 108 адам мен 10 шақты техника жұмылдырылғанымен, іздестіру жұмыстары нәтижесіз. Жоғалған 7 жасар бала әлі табылмады. Оған таудағы нөсер жаңбыр кедергі келтіріп тұр.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ресми өкілі:

– Күнделікті жауып жатқан жаңбыр іздестіру жұмыстарына қиындық туғызып отыр. Іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған иттер жаңбыр салдарынан іздерін таппай отыр. Азаматтардан балаларын қараусыз қалдырмай, мұқият қарауларын сұраймыз.

Осы категория бойынша: « Алматыда көлік қағып кеткен 5 жастағы бала есін жиған жоқ Павлодарда бір түнде 3 автосалон тоналды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы