370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда бір түнде 3 автосалон тоналды

  • 292
  • UPD: 09:30, 18.07.2018
Павлодарда бір түнде 3 автосалон тоналды

Павлодарда бір түннің ішінде 3 автосалон тоналды.

Ұрлық жасағаны үшін 37 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Құрықталған азамат бір түннің ішінде үш рет ұрлық жасап,  аккумуляторларды қолды қылған. Ол түнгі мезгілде автокөліктердің есігін сындырып, қылмыстық әрекет жасаған», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейін тергеу жүргізу амалдары жалғасып жатыр. Полицейлер қарақшылардың құрбаны болған жағдайда жедел тергеу тобы келгенге дейін салонға отырмауға кеңес береді. Егер де жазба және бейнетіркеу болса, міндетті түрде құқық қорғау органдарының өкіліне хабарласқан жөн.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында жоғалып кеткен бала әлі іздестірілуде Қарағанды облысында радикалды діни топ әрекетінің жолы кесілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы