367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылықтар Денис Тенмен қоштасу шарасын ұйымдастырды

  • 193
Алматылықтар Денис Тенмен қоштасу шарасын ұйымдастырды

Алматылықтар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тенмен қоштасу шарасын ұйымдастырды.

Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысына жиналған жұрт шам жағып, гүл шоқтарын қойып, марқұмның портретін тіктеді. Өйткені дәл осы жерде спортшыны пышақтап кеткен еді. Жас талантын қимаған жанкүйерлері мен жанашырлары көз жасына ерік берді. Себебі қайғылы хабар көпшіліктің қабарғасын қайыстырды. «Елін сүйген Денис Қазақстанның көк туын әлі талай желбірететін», – еді дейді жиналғандар.

Дәурен Берікқажыұлы, тұрғын:

– Осындай таланттарымызды сақтай алмағанымыз өкінішті. Сенбедік, сенбеген соң келіп тұрмыз. «Жатқан жері жайлы болсын» деп айтуға аузымыз бармайды.

Осы категория бойынша: « Алматы полициясы Денис Тенді өлтіргендер туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындады Денис Теннің қазасына байланысты ресейлік әріптестері көңіл айтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы