365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күдікті Денис Тенге шабуыл жасалған орынға жеткізілді

  • 222
  • UPD: 15:39, 20.07.2018

Деннис Теннің өліміне қатысы бар деген күдікті оқиға орнына жеткізіліп, сол жерде жауап алынды.

24 жастағы Нұрлан Қиясовты Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысына арнайы көлікпен әкелді. Бұл процесс айналадағы адамдардың назарын аудартып, тіпті, кейбіреулер оны видеоға түсіріп алған. Мына әуесқой таспадан күдікті бетін жауып тұрғаны көрінеді. Ол болған жағдайдың хронологиясы туралы айтып берді. Кейін тәртіп сақшылары күдіктіні арнайы көлікке салып, кері алып кетті. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатыр және екінші күдіктіге іздеу жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы