365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джейсон Браун: Ерекше жаннан айырылып қалдық

  • 166
  • UPD: 15:45, 20.07.2018

Көңіл айту хаттарын жеке парақшаларында ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Евгения Медведева, Аделина Сотникова, Максим Транков, Алена Савченко және Татьяна Тотьмянина жазған.

Сондай-ақ Денистің шетелдік әріптестері де өз ойын ғаламтор беттерінде қалдырған.

«Денис Тенге қатысты қайғылы хабар менің қабырғамды қайыстырды. Ол өте мейірімді, ашық-жарқын әрі талантты еді. Қазір менің жүрегім оның отбасымен, оны жақсы көрген адамдармен бірге», – деп американдық мәнерлеп сырғанаушы Джонни Вейр өз пікірін білдірген.

Ал мәнерлеп сырғанаушы Джейсон Браун: «Ерекше жаннан айырылып қалдық. Денис мені әрдайым таң қалдырушы еді. Ол өз ісінің шебері, әрі мейірімді азамат ретінде жадымда мәңгі сақталады», – деп жазба қалдырды.

Хабар 24 телеарнасы