374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнайлы өлке тұрғындары Денис Тенді еске алу үшін Атырау мұз айдынына жиналды

  • 364
  • UPD: 15:48, 20.07.2018

Күллі Қазақстан халқы секілді мұнайлы өңір тұрғындары да айтулы спортшы, түрлі республикалық және халықаралық сайыстардың жеңімпазы Денис Тенді аза тұтып жатыр.

Ол Қазақстан спорты тарихында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада медалін сыйлаған спортшы болатын.

Арыстанбек Кенже, тілші:

– Атырау мұз айдынына жиналған халықтың қатары сейілер емес. Спорт сүйер қауым мен бұқара халық абзал ұлдарын аза тұтып жатыр. Даңқты отандасымыз елімізде мәнерлеп сырғанау спортын дамытуға белсене атсалысты. Ол осы жылдың сәуір айында ғана Атырауға келіп, балалар мен жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан шеберлік сабағын өткізген болатын. Ізінен ерген іні-қарындастарына ақ жол тілеп, бекзат өнердің болмысы туралы ойға түйгендерімен бөліскен еді. Қазір мұнайлы өңірде мәнерлеп сырғанаушылар саны артты. Мұз айдыны сарайында жүздеген жас Денис Тен тұңғыш түрен салған спорт түрінің қыр-сырын меңгеріп жатыр. Ал қазір Денистей саңлақтан алғашқы шеберлік сабағын алған 3-14 жасқа дейінгі 60 бала мәнерлеп сырғанаудан кәсіби шеберліктерін шыңдап жүр.

Нұржауған Төлеуова, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Денис Теннің облысымызға келіп, шеберлік сыныбын өткізуі мәнерлеп сырғанау секциясына қатысушылар үшін үлкен серпін берді. Әрі қарай да бұл спорт түрінің дамуына үлкен үлесін қосып, бүгінде мәнерлеп сырғанау секциясына қатысуға ниет білдіруішлер саны күнен күнге артуда. Денис Тен  – балалар үшін ұлы ұстаз, жарқын бейне, ұмытылмайтын атақты спортшы. 

Атырауда өткен азалы шараға спорт сүйер қауыммен берге облыс тұрғындары, мекеме-кәсіпорын ұжымдары келіп, қазақ халқының даңқты ұланына ақырғы құрметтерін көрсетіп жатыр. Олар мұз айдынына гүл шоқтарын қойып, шырақ жақты. Бүгін таңертең сағат 11-де басталған қоштасу рәсімі күні бойы жалғасады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев Жандос Рахметуллин

Осы категория бойынша: « Оралдықтар Денис Теннің қазасына байланысты еске алу акциясын өткізді Петропавлда жанар-жағармай бекетін тонаған қарақшы ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы