365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда жанар-жағармай бекетін тонаған қарақшы ұсталды

  • 170
Петропавлда жанар-жағармай бекетін тонаған қарақшы ұсталды

Петропавлда жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлап отыр. Полицейлердің айтуынша, қаскөй шілде айының он екісі күні кешкісін жанармай бекетіне қызметтік бөлме арқылы баса көктеп кіріп, әйнекті сындырып, кейін сондағы қызметшіден кассадағы бар қаражатты талап етіп, тонап кеткен. Оның келтірген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады. Қазір осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Авторы: Самат Қайырденұлы

Хабар 24 телеарнасы