374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-ның Айыртау ауданында жолаушы автобусы өртеніп кетті

  • 208
  • UPD: 22:16, 21.07.2018

Солтүстік Қазақстан облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті.

«21 шілдеде сағат 12:13-те Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 64 шақырымында «Аврора» КАВЗ рейстік автобусы өртенді. Автобустың қозғалтқыш бөлігінде тұтанған от салонға жетіп, өрттің жалпы аумағы 14 шаршы метрді шарпыған», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Өрт сағат 12:33-те ауыздықталып, 12:38-де толығымен сөндірілген. Салон ішінде 20 жолаушы болған және олардың ешқайсысы өрттен зардап шеккен жоқ.

«Алдын ала болжам бойынша қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдары тұйықталып, содан өрт тұтанған болуы мүмкін. Төтенше жағдайды жоюға өрт сөндіру қызметінің сарбаздары мен техникасы жұмылдырылды», - деді Руслан Иманқұлов.

Осы категория бойынша: « Алматыдан 62 шақырым қашықтықта жер сілкінді Көкшетауда тұрғын үйдегі өрт кезінде 80-ге жуық адам эвакуацияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы