365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда Көңілді тапқырлар клубының бұрынғы қатысушысын пышақтап кетті

  • 397
  • UPD: 23:15, 21.07.2018
Ақтауда Көңілді тапқырлар клубының бұрынғы қатысушысын пышақтап кетті blogspot.com

Ақтөбенің Көңілді тапқырлар клубының бұрынғы мүшесі Данияр Әлімбаевты Ақтауда өлтіріп кетті.

Д.Әлімбаевты 21 шілдеге қараған түні пышақтап кеткен. Ол екі санына салынған жарақат салдарынан көз жұмды. Оқиға таңғы сағат 3 жарым шамасында 6-шағын аудандағы көңіл көтеру орындарының бірінде болған.

«Түнде өте ауыр жағдайда екі аяғы жарақаттанған ер адам жеткізілді. Бір аяғында күретамыр мен жоғары көктамырларына зақым келген. Оған шұғыл түрде операция жасалды, кейін ол жансақтау бөліміне ауыстырылды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімі.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын КТК-ның бұрынғы мүшесінің достары айтып берді.

«Түнде дәмхана жанында төбелес болды. Данияр шетте тұрған еді. Бірақ арадағы біреу оның аяғына пышақ салып алды. Ауруханаға жеткізілгенімен өмірін сақтап қала алмады. Ол көп қан жоғалтты», - деді көз жұмған ер адамның досы.

«Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер ұсталды. Үшеуі де Ақтау тұрғындары», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Қаза болған 32 жастағы Данияр Әлімбаевтың артында әйелі мен төрт баласы қалды. Ол Ақтөбенің КТК құрама командасының бұрынғы мүшесі. Сондай-ақ Сочидегі фестивальда маңғыстаулық КТК ойыншыларымен бірге Батыс Қазақстанның құрамасында болды.

Хабар 24 телеарнасы