371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда екі автобус бетпе-бет соқтығысты

  • 204
  • UPD: 11:54, 22.07.2018
Алматыда екі автобус бетпе-бет соқтығысты

Алматыда екі автобус соқтығысып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апаты таңертең Абай көшесіндегі Қазақстан қонақүйіне қарама-қарсы жерде болды.

Куәгерлердің айтуынша, екі автобус соқтығысқан. Олардың сөзіне қарағанда, автобустардың бірі жолдың қарсы бағытына шыққан.
Полиция жолды жауып тастады. «Зардап шеккендер болуы мүмкін, себебі апаттың салдарынан жұлынып кеткен орындықтар бар. Жедел жәрдемнің төрт көлігі тұр», – деді куәгер.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында тастардың астында қалған экскаваторшы құтқарылды Алматы облысында 5 жасар бала аквапарктегі суға батып кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы