366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында шомылу маусымы басталғалы бері 21 адам суға кеткен

  • 156
  • UPD: 19:04, 23.07.2018

Қарағанды облысында шомылу маусымы басталғалы бері 21 адам суға кетіп, қаза болды.

Оның алтауы – бала. Құтқарушылар патрульдердің жұмысын күшейтіп, барлық су жағалауларында алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Қазір жағалауларда суда жүзуді үйрететін шеберлік сыныптар ашылып, қауіпті аумақтарға 250-ге жуық тыйым салу белгілері орнатылған. Құтқарушылар көбінесе қайғылы оқиға шомылуға болмайтын жерлерде орын алып отырғандығын айтады. 

Дархан Қуанбаев, Балқаш қаласы құтқару бөлімшесінің басшысы:

– Балқаш қаласының құтқару қызметі мектеп жасындағы балаларға суда жүзу, қауіпсіздік шараларын ұстану жолдарын түсіндіріп жатырмыз. Оған қоса, үлкен адамдардың жағалауда ішімдік ішуге болмайтынын жергілікті полицейлер түсіндіріп, заң бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы