365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы полицейлері көлік ұрыларын ұстады

  • 203
  • UPD: 10:46, 25.07.2018
Алматы полицейлері көлік ұрыларын ұстады

Алматыдағы көше қиылыстарының бірінде көлік ұрылары қолға түсті.

Жұмалиев-Қарасай батыр көшесінің қиылысында ауладағы көлікті төңіректеп жүрген біреулер туралы хабарлама таңғы 03:30-да түсті. Оқиға орнына жол полициясының «Боран-078» экипажы жетіп барды. Бірақ күдіктілер жеңіл көлікке отырып, қаша жөнелген. Олар көп ұзамай Сейфуллин-Мақатаев көшесінің қиылысында полицей көліктерінен жасалған құрсауға қамалып қалды. Қайда қашарын білмеген жүргізуші, рульге ие бола алмай қалып, көшедегі бағанаға барып соққан.

Ұсталғандардың ШҚО-дан келгендері анықталды. Ал олар міне қашқан «Мицубиси Галантты» қаланың Алатау ауданынан сол түні ұрлап айдап кеткен екен.

Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі

Аударған: Г.Абилова

Осы категория бойынша: « ШҚО-ның Күршім ауданында өзен суы дамбыдан асып тасыды Павлодарда әйел адам 11-қабаттан құлады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы